Еліміздің бірқатар аймақтарында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

0

Кей өңірлерде 45 градус аяз болуы ықтимал.

Синоптиктер ақпанның 5-7 аралығында еліміздің бірқатар аймағында қатты аяз болатынын ескертіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

05-06 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, 05 ақпан күндіз, 06 ақпан түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. 06 ақпанда түнде кей жерлерде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 06-07 ақпан аралығында ауа температурасының облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

05 ақпанда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты қар күтіледі. 05-06 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тау асуларында 23-28 м/с күтіледі. 06 ақпанда түнде ауа температурасының 12-17, кей жерлерде 22-27 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

06 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қатты қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 06-07 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяздан 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

06 ақпанда түнде Қостанай облысында ауа температурасының 33-38 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз 43 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

06 ақпанда түнде Қызылорда облысында ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

06-07 ақпан аралығында түнде Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты аяз 37-42 градус, кей жерлерде өте қатты аяз 45 градус күтіледі.

06 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты қар, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 06-07 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 23-28, кей жерлерде 33-38 градус аяздан 37-42, кей жерлерде 45 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

05 ақпанда Ақмола облысында қар, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді.

Астана қ.: 05 ақпанда қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06-07 ақпан аралығында түнде қатты аяз 37-39 градус күтіледі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/