Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ болып, бұрқасын соғады — новости Казахстана

21 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі. Сонымен қатар, көктайғақ болып, бұрқасын соғуы ықтимал деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ.

Көрнекі фото: styler.rbc.ua
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей бөліктерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең көктайғақ болады. Түркістан облысының кей аймақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Павлодар облыстарында тұман күтіледі.