Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды


Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 27 қараша күні еліміздің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Онтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел соғады.
Шымкент қаласында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с дейін жететін жел соғады.
Түркістан қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Актау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ