Еліміздің басым аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі

Тек батыс және орталық Қазақстанда ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» РМК 11-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде қар жауады, тек батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде.
Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz