Еліміздің әнұранын мазақ еткен жастар жұрттың ашуына тиді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнұранды қор қылып, мемлекттік рәмізді мазақ еткен жастар желіде жаға челлендж бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Евразия» арнасына сілтеме жасап.

гимн

Бұл жолы жастар «хайп» үшін гимнің әуенін бұрмалап, онымен қоса би де билеген. 

«Оны бәрі азғындықтың кесірі. Мұның бәрі шет мемлекетке еліктеудің кесірі. Ол өте дұрыс емес. Тәрбиенің нашарлауы. Сол себепті мен үгемі айтып жүрмін, тәрбие мектептен басталуы керек. Тәрбиенің бәрі мекетепте басталып, болатын болса мұндай нәрселер болмайды», — деді қоғам белсендісі Полатбек Жоланов.

Жастардың орынсыз әрекеті жауапсыз қалмайды. Іске тиісті министрлік араласты. Ерсі қылықтарымен халықтың ашуын тудырған қыз-жігіттер ҚР Қылмысты кодексіне сәйкес жазаланады.

«200 АЕК көрсеткіштен айыппұл салу тәртібі және де 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға болады», — деді заңгер Айдос Шәріпжанов.

Дегенмен заңгерлер жазаның жай ескертумен шектелуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

 



stan.kz