Еліміздегі су тасқыны жағдайын сынға алған екі адам қамауға алынған
Елдегі су тасқыны жағдайын сынға алған екі адам әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
7 сәуірде Қостанай қаласының әкімшілік соты «Көктем» бағбан серіктестігінің тұрғыны 39 жастағы Қайрат Мұсабаевты 10 тәулікке қамаған. Қостанай облыстық сотының хабарлауынша, сот қаулысы «сот кабинетінде» жарияланған.
Олар «Көктем» тұрғынының «қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін» әкімшілік жазаға тартылғанын мәлімдеді. Алайда сот қаулысында оның нақты қандай былапыт сөз айтқаны көрсетілмеген. Жәй ғана жауапкердің кінәсі «жиналған айғақтармен дәлелденді» деп жазған
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның мемлекет басшысы Тоқаев пен үкіметті сынап, эмоциямен пікір білдіргені түсірілген видео жарияланған еді.
«Су тасқынына сіздер жол бердіңіздер. Қаншама адам баспанасыз қалып, мүлкінен айырылды. Тіпті кей аудандарда адам өлімі болды. Қыста тоңамыз, жазда өртенеміз. Көктем келетінін болжай алмай, кенеттен суға батамыз. Ешқашан ештеңеге дайын болған емессіздер», — дейі видеода ер адам.