Еліміздегі баспана бағасы жоғары қалалар белгілі болды

0
148
Пәтер, ,баспана, ақша
Иллюстрация: Baribar.kz

2018 жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі тұрғын үйі қымбат қалалардың рейтингі өзгерді. Бұл туралы Krisha.kz сарапшылары хабарлады. 

Жылдың соңғы тоқсанында баспана бағасының жоғарылығы жөнінен алғашқы екі орынды бұрынғысынша Алматы (шаршы метрі – 363 250 мың теңге) мен Астана (шаршы метрі – 331 825 теңге) иеленіп отыр. Үшінші орынға Шымкент көтерілді (шаршы метрі – 212 075 теңге), бұрын үшінші орында Ақтау болатын. Қазір Ақтау төртінші орында (шаршы метрі – 206 725 теңге). Одан кейінгі орында Қарағанды тұр (шаршы метрі – 201 500 теңге).

Сарапшылардың пікірінше, Шымкентте тұрғын үйдің қымбаттауына қаланың республикалық деңгейдегі мәртебе алуы ғана себеп емес, сонымен бірге Ақтауда жүргізілген дедолларизация салдары да ықпал еткен. Бұған дейін Ақтауда екі жыл қатарынан үй бағасы асыра белгіленген, сөйтіп тұтынушылардың баспана сатып алу мүмкіндігі азайған. 2017 жылдың желтоқсанында Ақтаудағы баспана нарығында орташа баға 6,4%-ға ғана азайған еді, бұл бағаның төмендеуі бойынша еліміз бойынша ең нашар көрсеткіш болды. 2016 жылдың желтоқсанында бағаның 20%-ға төмендегені байқалған еді. Шымкентте бұл жағынан көрсеткіш жақсарып келеді.

Рейтингтің төменгі орындарына келсек, Ақтөбе, Тараз, Семей, Павлодар мен Өскемен – бұрынғысынша республика бойынша тұрғын үйі арзан қалалардың қатарында.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz