Еліміздегі 19 ЖЭО апаттық жағдайда тұрғаны анықталды
ЖЭО-ны тексеру жөніндегі Комиссия қысқы жылыту маусымына өз жұмысын аяқтады, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің 37 ЖЭО тексерілді, оның 19-ы жоғары қауіпті «қызыл» аймаққа, 11-і «сары» аймаққа және 7-і «жасыл» аймаққа кіреді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылы 90 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, комиссияның қорытындысы бойынша мәселенің шешімі болатын факторлар:
— ЖЭО өндірістік қызметкерінің жалақысын орташа нарықтық көрсеткішке дейін арттыру,
— жылу желілерінің техникалық аудиті,
— қызметтерге жұмсалатын шығындармен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету.
Фото: inform.kz