Елімізде жылу тарифі төмендетілді — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансОйл» АҚ-ы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату реттелетін қызметтерінің тарифтерін келісті. Осының арқасында жылу тарифі 7%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұдан бұрын, комитетке Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, тарату реттелетін қызметтерінің тарифтерін төмендету жағына келісу қатысты «ҚазТрансОйл» АҚ-ның хаты келіп түсті», -делінген ресми хабарламада.
Атап кетерлік жайт, табиғи монополия субъектісі табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, уәкілетті органның келісімі бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді дербес төмендетуге құқығы бар.
Осылайша, комитет ағымдағы жылдың 26 мамырында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның хатын қарау аясында жылу энергиясын өндіру, беру, тарату реттелетін қызметтерінің тарифтерін -7%-ға төмендетуімен келісті:
— халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар үшін, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорындар үшін ҚҚС-сыз 1 723,29 теңге/Гкал мөлшерінде;
— өндірістік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдар үшін ҚҚС-сыз 11 801,89 тенге/Гкал мөлшерінде.
stan.kz