Елімізде желтоқсан айында қосымша пойыздар жүреді

0
Елімізде желтоқсан айында қосымша пойыздар жүреді


Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді:

Алматы-2 — Шымкент  — ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын  2 рейс.


Астана-1 — Павлодар  — ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.


Астана-1 — Алматы-1  — ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады. Мереке күндері жоғры сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр:

ҚР Тұңғыш Президенті күніне — 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)


ҚР Тәуелсіздік күні — 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері)


Жаңа жыл мерекесіне — 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан — 3 қаңтар аралығында)

Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат