Елімізде жастар 16-ға толған соң жыныстық қатынасқа түсетін болып шықты — новости Казахстана

Қоғамдық пікірді зерттеу институты Қазақстанда 15-19 жастағы жастардың үштен бір бөлігі жыныстық қатынасқа түсетінін айтты. Сондай-ақ, орталық зерттеу барысында әр бесінші қазақстандық жасөспірімнің мүшеқап пайдаланбайтынын анықтаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 24smi.org
Сауалнамаға республиканың барлық өңірінен 4360 жасөспірім қатысқан екен. Олардың қатарындағы қыздар мен жігіттердің жалпы саны тең болыпты.
Анықталғандай, зерттеуге қатысқан жасөспірімдердің ішінде 1500-і екі немесе одан да көп адаммен жыныстық қатынасқа түскендерін айтқан.
«19 жастағылардың 57 %-ы жыныстық өмір сүреді. Жастардың үштен бір бөлігі жыныстық жағынан белсенді. Жыныстық қатынасты бастайтын орташа жас мөлшері – 16 жарым. Біреу ерте, біреу кеш бастайды, бірақ орташа жас шамасы осы», — деп хабарлаған қоғамдық пікірді зерттеу орталығы деректерді талдау және өңдеу бөлімінің жетекшісі Айжан Шәбденова.
Сарапшының айтуынша, жыныстық қатынасқа түсетін жастардың ішінде қалада тұратын жасөспірімдер серіктерін жиі ауыстырады және 15-19 жас аралығындағы әр бесінші қазақстандық мүшеқап пайдаланбайды екен.
Сондай-ақ, Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздардың 16,7 %-ының аяғы ауыр болып, көбісі сәбиін өмірге әкелетін көрінеді.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар