Елімізде тұңғыш рет небулайзерлік терапияны жүргізетін кабинет ашылды

0
24 Желтоқсан 2018, 13:53 181 0

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында тыныс алу жүйесі ауыратын науқастарға еліміз бойынша алғашқы рет небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған кабинет ашылды.

Мамандардың айтуынша, ингаляциялық терапияны жүргізуге арналған мұндай кабинет Орталық Азия елдері арасында бізде бірінші рет ашылып отыр.

«Бұл кабинет елімізде бірінші рет ашылып отыр. Пульменология бөлімшесі арқылы жылына тыныс алу жүйесінде ақауы бар 600-ден астам балалар өтеді. Олардың қатарында ауруы созылмалы және туабіткен балалар бар, әсіресе бронхылы ентікпесі барлар көп. Небулайзерлік кабинеттің ашылғанына өте қуаныштмыз, өйткені бұл емдеу сапасын арттырып, науқастардың стационарда жату күнін азайтады», -дейді аталған орталықтың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Шамшагүл Наурызалиева.

Небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған кабинет Педиатрия және балалар ғылыми орталығы, медициналық жабдық өндіретін халықаралық Homed Medical Device Co компаниясы және тыныс алу жүйесіндегі ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттарды жасап шығаратын «АстраЗенека» биофармацефтикалық компаниясының бірлесе жұмыс жүргізуі арқасында ашылған.

«Бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір белдеу-бір жол» жобасы аясында іске асырылып отыр. Біздің өнімдер әлемнің 65 елінде қолданылуда. Біздің компания алдағы уақытта Қазақстан тұрғындары үшін сапалы медициналық жабдықтарды әзірлеуді қолға алмақ», -дейді Homed Medical Device Co компаниясының президенті Чень Циньпин.

Мамандардың айтуынша, елімізде тұңғыш ашылып отырған бұл кабинет толығымен жабдықталып, қытайлық компания тарапынан ақысыз негізде табысталған.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ