Елімізде тегін дәрі-дәрмек тізімі 70 атаумен толығады




Фото: kp.ru
Астана, BAQ.KZ. Жыл соңында және келер жылдың басында науқастарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісінде қиындықтар туындайтын. Орталық коммуникациялар қызметінде сала мамандары 2019 жылдың жұмыс жоспары жайында баяндайды.
Бізге мәлім дерек бойынша, қазақстандық «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының қоймасына дәрі-дәрмек партиялары желтоқсан айының басында жеткізіледі. Ал келер жылдың қаңтарында препараттар медициналық мекемелерге үлестірілуі тиіс.
Алдын ала мәліметке сай, бүгінде ем қабылдаушы азаматтар үшін тегін дәрі-дәрмектің 83 проценттен астамы сатып алынған. Алдағы жылы осы тізімге 1144 медикамент атауы енгізілмек.
Сондай-ақ амбулаторлық емге мұқтаж науқастар үшін 70 препарат аталымы жеткізілмек. Ал емханалардың алдын ала берген тапсырыстарынан бүгінде 200 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Екі тендер өткізіліп, 72 млрд теңгеге 350-ге жуық дәрі сатып алынды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ