Елімізде тағы бір жаңа партия пайда болды

0

Бірнеше қазақстандық кәсіпкер «Respublica» реформаларын қолдайтын саяси партия» құрғанын жариялады.

Бұл туралы Бейбіт Әлібеков өзінің telegram-арнасы хабарлады.

Блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің telegram-арнасында таратқан видеода: «Біз сілкініссіз өзгерістерді, ұрыс-керіссіз нақты реформаларды, барлық саналы азаматтардың бірігуін жақтаймыз» деді партияның құрылтайшылары.

Әлібековтен бөлек, болашақ партия атынан кәсіпкерлер Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Айдарбек Ходжаназаров және басқалары сөз сөйледі.

Олар өз сөздерінде «реформаларға алғашқы қадамдарды» қолдайтындықтарын және елді «ескі Қазақстанға оралудан» қорғаудың маңыздылығын мәлімдеді.

Барышев видеода партияның тіркеу рәсімін «жақын арада» бастауға ниетті екенін түсіндірді.

Бұл биылғы жылы саяси партия құру туралы алғашқы бастама емес. Бұған дейін оннан астам түрлі топ тіркелуге ниетті екенін мәлімдеген болатын, соның екеуі қол жинау кезеңіне жетті. Бірақ әлі ешқайсысы тіркеу рәсімін аяқтаған жоқ. Бұл жолы түрлі саяси күштер «реформаларды қолдаймыз» деген күн тәртібімен шықты.

Қазір Қазақстанда ресми түрде бес саяси партия ғана тіркелген, оның үшеуі ғана Мәжілісте өкілдік етеді.