елімізде тағы 63 адамнан коронавирус табылды

0
3

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

19 0 0

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 780 адамға жетті, оның 682-сі дерттен жазылды

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 63 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Нұр-Сұлтан қаласында – 31адам, Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 4, Павлодар облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 6, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 8, Атырау облысында екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды», – делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 780 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 848
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 529
  • Қызылорда облысы – 179
  • Шымкент қаласы – 171
  • Қарағанды облысы – 128
  • БҚО – 122
  • Атырау облысы – 121
  • Түркістан облысы – 109
  • Павлодар облысы – 105
  • Жамбыл облысы – 105
  • Алматы облысы – 97
  • Ақмола облысы – 93
  • Ақтөбе облысы – 57
  • Қостанай облысы – 43
  • СҚО – 30
  • Маңғыстау облысы – 27
  • ШҚО – 16.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 682 адам аурудан жазылды, 25 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz