Елімізде су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көктемгі ауа райы болжамын жаңартты. Наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылы болып, жауын-шашын мөлшері артады, бұл су тасқыны қаупін күшейтеді.
Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер:
- Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстары.
Қауіптілігі орташа өңірлер:
- Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары.
Қауіп төмен өңірлер:
- Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары.
Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі су тасқыны болжамдарын дайындады және апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды шығара бастады. Қауіпті жағдайлар туындаған кезде 2-3 тәулік бұрын ескерту жасалады.
фото: ашықдереккөз