Елімізде пойыз билеті, көлік, ет бағасы қымбаттады

0

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Баға азық-түлік тауарларына осы жылғы он бір айда (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) – 3,8%, азық-түлік емес тауарларына – 5,9%, ақылы қызметтерге 4,2%-ға өсті. 2018 жылдың басынан (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қантқа – 21,2%, қырыққабатқа – 13,3%, мәйекті ірімшікке – 11,3%, консервіленген сүтке – 9,8%, қышқыл сүт өнімдеріне – 6,7%, жаңа сауылған сүтке – 6,6%, сары майға – 8,8%, күнбағыс майына – 6,6%, жұмыртқаға – 3,8%, жылқы етіне – 9,1%-ға, ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне – 6,6%-дан, шошқа етіне – 6,2%, сиыр етіне – 5,9%, қой етіне 5,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 21,1%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 8%, құрылыс материалдарына – 7,2%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға – 6,8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 6,4%, жеке қолданатын тауарларға – 5,9%, кеңсе тауарларына – 5,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 5,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 4,9%-ды құрады. Дизель отыны – 28,8%, тас көмір – 7,1%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.

Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне – 11,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 6,7%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 5,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 5,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 4,4%, санаторийлер қызметтеріне 3,6%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 18,7%, темір жол көлігімен – 9%, қалааралық автобус – 7,5%, ішкі қалалық автобуспен 4,9%-ға қымбаттады.

Дереккөз: Baq.kz