Елімізде Өзбекстанның екі мың азаматы көші-қон заңнамасын бұзған

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанның ішкі істер министрлігі өзбек әріптестерімен бірге алғаш рет «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін екі мыңнан астам Өзбекстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитеті.

427 азаматтың болу мерзімі қысқартылды, 186 Өзбекстан азаматы елден шығарылды. Қылмыс үшін Өзбекстан тарапынан іздеуде жүрген 3 адам ұсталды.

Бірлескен операция 18-22 қараша аралығында Өзбекстан азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу, азаматтардың шығу еліне өз еркімен оралуына жәрдемдесу, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және іздеуде жүрген адамдарды анықтау мақсатында өткізілді.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 4 күн ішінде 56 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 218 шетелдік қабылдау-тарату орындарына қамалды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 6 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар Қазақстан ІІМ Өзбекстанның 83 азаматына қатысты реадмиссия тәртібінде өз еркімен қайтару бойынша сұрау салу бастамасын көтерді. Барлық реадмиссияланушы адамдарға қайтып оралуға куәлік берілді.

Қазақстан тарапы бірлескен міндеттерді шешу, Өзбекстан азаматтарына құқықтық көмек көрсету үшін жағдай жасады, шетелдіктерді шекараға жеткізу үшін автобустар ұсынды, арнайы машиналармен алып жүру қамтамасыз етілді.

Өз кезегінде өзбек әріптестері өз азаматтарының мәселелерін дер кезінде шешу үшін Өзбекстанда Штаб құрды. Операция барысында Қазақстандағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлері белсенді жұмыс жүргізді.

Өзбек әріптестері көші-қон қызметі орталықтарының қызметімен танысты, тікелей Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ПД қабылдау-тарату орындарында орналасқан адамдарға консультациялық көмек көрсетті.

Операция аяқталғаннан кейін өзбек тарапы Қазақстан ІІМ-ге олардың азаматтарының мүдделерін қорғауға бағытталған мәселелерді шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Тараптар осындай операцияларды тұрақты негізде жүргізу туралы уағдаласты.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз