Елімізде өте сирек кездесетін қар барыстарының әрбіріне ат берілмек

0

«Қазақстанда жүзге жуық барыс бар шығар, ал фототұзақ қойылған өңірлерде олардың саны 15 қана».

Қазақстанда жабайы табиғаттағы қар барыстарын сақтау мен есепке алу әдістері күшейтіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Алматы зообағы директорының кеңесшісі Ержан Еркінабев Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, таяуда Snow Leopard Foundation халықаралық қоры жұмысының белсенді фазасын бастады. Қор мақсаты – Қазақстандағы қар барысының популяциясын қалпына келтіру. Бұл мақсатта ұйым қызметкерлері браконьерлердің кесірінен жарақат алған барыстарға арналған қалпына келтіру орталығын және оларды қайта жабайы табиғатқа жіберуге дайындайтын тәлімбақ ашуға ниетті. Сондай-ақ қордағылар табиғаттағы қар барыстарын есептеп, сақтаудың әдістерін күшейткелі отыр.

– Фототұзақтың арқасында қанша барыс бар екенін анықтап, ID паспортын жасап, әр барысқа ат береміз. Фототұзақта сим-карта болады, сол арқылы сурет кеңсеге дереу жіберіледі. Қазақстанда жүзге жуық барыс бар шығар, ал фототұзақ қойылған өңірлерде олардың саны 15 қана. Зоология инстутымен және Ұлттық саябақпен бірлесіп, әдістеме жасап, осы жануарды есепке алу мен сақтаудың қажетті техникасын сатып алғымы келіп отыр, – дейді Еркінбаев.

Айта кетейік, жобаның негізін Нұрәлі Әлиев есімді азамат жасаған, «Snow Leopard Foundation» қоры қаржыландырады. Оның жетекшілігімен Қазақстандағы қар барыстарын сақтап қалуға арналған «KingdomofSnowLeopard» жобасы іске қосылған. Нұрәлі Әлиевтің айтуынша, ол бұл қорды ашу идеясын көп ойлап, Қазақстанда алдағы ондаған жылға қар барыстарының популяциясын қалпына келтіретін осындай жоба құру қажет деп тауыпты.

– Қар барысы – тәуелсіз Қазақстанның символы. Алайда ширек ғасырға жетпейтін уақытта Қазақстанда оның популяциясына 40 пайызға қысқарып қалған, – деп атап өтті Әлиев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/