Елімізде оқушы санының көптігіне байланысты мектеп директорларын жазалап жатыр

0

Мектеп директорларына оқушы саны асып кеткен сыныптар үшін айыппұл сала бастады. Тексеруді тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімі жүзеге асырады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада бес оқу орнының басшылары жауапқа тартылды. Айтарлықтай айыппұл — жарты миллион теңгеден астам. Бірақ директорлар өздерін кінәлі деп санамайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада бес мектептің директоры ата-аналар жиналысына қатысты. Олар әр сыныпта 30 оқушы оқығаны үшін айыпұл арқалағандарын жеткізді.

Заң бойынша, ереже бұзған лауазымдық және заңды өкілдерге 230 АЕК және 580 мың 750 теңге айыппұл салады.

Қазақстанда 124 үш ауысымды мектеп бар.

«Әр сыныпқа 25 баладан оқыту мүмкін емес. Бала саны көп», — деді елордадағы №22 мектеп директоры Ботагөз Жүнісова.

Биыл жыл басынан бері 27 айыппұл салынды. Айыппұл мектеп пен директорлар атына жазылды. Олар айыппұлды өз қалтасынан төлеген.

Ал, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мектеп директорының барлық жағдайға жауапты емес екенін, әкімнің жауапкершілігі барын да ескертті.

БҒМ директорлардың өз міндетіне ғана жауап беруі үшін Жоғарғы сотпен бір апта ішінде келісім жасайтынын айтты.

stan.kz