Елімізде коллекторларға проблемалық несиелерді сатуға мораторий енгізіледі

0

Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдарының өндіріп алушыларға проблемалық несиелерді сатуына екі жылдық мораторий енгізу жоспарлануда. Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қабылдады. Шектеу екі жыл бойы күшінде болады.

«Екі жылға, яғни 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін мораторий енгізіледі. Мораторий уақытында — коллекторларға проблемалық тұтынушылық несиелерді сатуға толық тыйым салынады. Сондай-ақ жаңа талап енгізілуде, егер қарызды төлемеу уақыты 90 мерзімі өткен болса, онда мұндай несие бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) 24 ай бойына коллекторлық агенттіктерге несиелер бойынша мәліметтерді беруге немесе сатуға құқылы емес», — деді Мәжіліс отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

 

фото: tengrinews.kz