Елімізде індетке шалдыққандар саны 13 мыңнан асты
Республика бойынша өткен тәулік ішінде 215 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда 13 074 адам коронавирус індетіне шалдығып, 7 737 науқас аурудан айығып шықты.
«Өткен тәулікте 215 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,7 процентті құрады», — делінген COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең көп жағдайы Нұр-Сұлтан қаласы — 42 (1.7%), Қарағанды облысы — 41 (3.6%), Батыс Қазақстан облысы — 27 (3.3%), Шымкент қаласы — 22 (2.3%) және Алматы қаласында — 22 (0.8%) тіркелген.
Өзге өңірлерде:
- Павлодар облысы — 16 (6,0%);
- Жамбыл облысы — 11 (2.6%);
- Шығыс Қазақстан облысы — 9 (4.7%);
- Атырау облысы — 9 (0.7%);
- Алматы облысы — 5 (1,1%);
- Қостанай облысы — 3 (1,5%);
- Маңғыстау облысы — 3 (0.9%);
- Түркістан облысы — 3 (0.8%);
- Ақмола облысы — 1 (0,6%);
- Солтүстік Қазақстан облысы — 1 (1.6%).
Айта кетейік, аталған індет салдарынан елімізде 58 адам көз жұмды.
sputniknews.kz