Елімізде есірткі таратушылар жауапкершіліктен қалай құтылып жүр? – новости Казахстана

0

Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов есірткі таратушылардың жауапкершіліктен қалай құтылып кетіп жүргенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Мәжілістегі пленарлық отырыста депутаттар елімізге есірткінің қай мемлекеттерден келетінін және қандай жолмен тасымалданатынын сұраған.

«Синтетикалық есірткілер бізге Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен келеді. Оларды көбінесе пошта арқылы жеткізеді», – деді Қасымов.

ІІМ мәліметінше, мұндай қызмет ақысы киви-әмияндар арқылы төленеді.

«Нәтижесінде біз оны алып жатқан адамды ғана ұстай аламыз. Осы жылы 125 қылмыстық іс қозғалды», – дейді ол.

Сондай-ақ, Қасымов есірткі жасаушылардың қандай қулықтарға баратынын да айтып берді.

«Олар айла-тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Атомдар біздің тізімге кірмегендіктен, оларды жауапкершілікке тарта алмаймыз», – деді министр.

ІІМ басшысы есірткіні жарнамалайтын сайттар туралы да сөз қозғады.

«Өткен жылы 522 сайтты жапсақ, бұл жылы есірткіні таратқан 3200 сайтты бұғаттадық», – дейді.

Оған қоса Ішкі істер министрлігінде Қазақстандағы 100 АЕК-ке дейінгі (қазір шамамен 240 500 теңге) анонимді жолдауларға тыйым салу туралы ұсыныс түскен.

«Осы анонимді жолдамаларға тыйым салу туралы ұсыныс айттық. Біз ақшаның қайда жіберіліп жатқанын көруіміз керек», – деді Ішкі істер министрі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз