Елімізде дәрігерлердің “Еңбекке уақытша жарамсыздық” жалған құжат дайындайтыны анықталды

0
192

Жұмыстан себепсіз қалсаңыз, ауырып қалғаныңызды растайтын жалған құжатты жасатуға болады. Дәл осындай қызмет ұсынған қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды.

 

Бұл туралы елордалық полицейлер мәлімдеді. «Еңбекке уақытша жарамсыздық» атты ресми құжатты саудаға салған басқа емдеу мекемелері бар ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын түсірілген кадрлар. Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы саудалаған ақ халаттылар қолға түскен. Жұмысқа не сабаққа себепсіз қалғандарға дәрігер мен мейірбике «көмек» беріп келіпті. Босатылған бір күн үшін 2,5 мың теңге сұраған.

«Қаладағы емханалардың бірінде еңбекке уақытша жарамсыздық туралы жалған анықтаманың сатылу дерегі анықталды. Құжат үшін 10 мың теңге алған мейірбике мен дәрігер ұсталды. Сондай-ақ, полицейлер делдал міндетін атқарған қала тұрғынын да қолға түсірді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 385 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған», – деп жазды Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұндай анықтама сатылатынына таң қалысқан адам аз. “Өзім алдым” деп айтпаса да, дерек туралы естіген. Себептердің бірі – жалақының аздығы дейді.

“Ондай жайттар туралы естімеппін. Бірақ болуы мүмкін. Әр адамның тәрбиесіне байланысты дүние ғой», «Сенбедім оған. Сатылмайды деп айтады ғой, өткізбейді ғой», – дейді тұрғындар.

Анықтама сатып алуға ниетті адамның кейпіне біз де ендік. Бірақ емхана ішіндегі заңсыз сауданы көзіміз шалмады. Бәлкім делдал кезікпеді ме.

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы алу мүмкін болмады. Дәрігерлер сескеніп қалды ма дедік. Ал біз оқуға қажет 86-анықтаманы дәрігерлерге қаралмай-ақ алуға бола ма, жоқ па соны анықтамақпыз. Ғимарат ішіндегі әңгіме жасырын камераға түсірілетін болады».

Қызмет ақылы болған соң кассаға жөнелтті бірден. Бірақ құжат бір болғанымен, әр емхананың өз бағасы бар көрінеді.

“Сонда жазылып тұрады. Айтады сонда. Білмедім қанша екен бағасын. 5 000 екен”.

– Флюраңыз бар болса, алып келіңіз. Қан тапсырасыз саусағыңыздан.

– Негізі оның бәрін осы жерде жасауға болады ғой?

– 4 000 теңге.

– Қанша кабинетке кіру керек?

– 6 кабинетке.

Анықтамада көрсетілген дәрігерлердің тексеруінен өту уақыты да әр түрлі. Бір емханада ол үшін 1 сағат, басқасында 20 минут уақытыңды бөлуге тура келеді екен. Бұл айырмашылық кезекке ме әлде қосымша төлемге байланысты ма, әзірге біле алмадық.

 

Источник: Stan.kz