Елімізде бір күнде 18 адам коронавирустан қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 сәуірдегі ақпарат жарияланды.
1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 25 156 адам короновирус инфекциясынан (23 481 КВИ+ және 1 675 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 348 адамның жағдайы ауыр;
• 83 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
30 наурыз күні коронавирустан — 14 адам, коронавирус белгісі бар пневмониядан 4 науқас қайтыс болған.