Елімізде бес университеттің лицензиясы тоқтатылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Білім және ғылым министрлігі бес жоғарғы оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтатты. Бұған қайта тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеруді жалғастыруда, деп хабарлады ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов.

«Бүгінгі таңда бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университет тексерілді. Олардың бесеуінде бұған дейінгі ескертулер жойылмағандықтан, бес университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды», — деп жазды ол Facebook желісіндегі парағында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, бір университет бойынша іс сотқа жіберілгенін айтты.

«Жыл соңына дейін тағы 12 жоғарғы оқу орны бойынша бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеруді жоспарлап отырмыз. Бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу үшін құжаттар сотқа жіберіледі», — деп толықтырды министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта бізге, лицензия беретін орган ретінде, міндеттеріне жауапсыз қарайтын жоғары оқу орындарының лицензияларын өз тарапымыздан кері қайтарып алуға құқық беретін заң нормаларын енгізу жоспарлануда. Бұл бастама мемлекет басшысы тарапынан қолдауға ие болды.

Бұған қоса, білім және ғылым министрлігі басшысының мәліметінше, премьер-министрдің өкіміне сәйкес үкімет жанынан жоғары оқу орындарын оңтайландыру комиссиясы құрылды. Жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптары да күшейтілуде.

Тағы оқыңыз: Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының экс-басшысы сотталды

«Бүгінде көп бейінді университеттің барлығы мұғалімдерді даярлайды. Алайда олардың сапасы сын көтермейтіндіктен, қойылатын талаптарды күшейту арқылы мұғалімдерді даярлайтын жоғарғы оқу орны санын 85-тен 20-25-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр», — деді білім министрі.

Олар басқа бағыттар бойынша мамандар даярлай береді, ал педагогика бойынша лицензиялары қайтарылып алынуы мүмкін. Шамамен алғанда, әр аймақта мұғалімдерді даярлайтын бір мықты жоғарғы оқу орны және Алматыда бірнеше оқу орны болмақ.

«Нашар сабақ үлгерімі үшін оқудан шығарылғандардың бәрін қабылдай беру есебінен кейбір жоғары оқу орнына 100 адам түсіп, 800-ге жуық түлек бітіретінін атап өткім келеді. Тағы бір жайт, биыл 37 мың студент таяу шетелдің жоғарғы оқу орнында бір семестр немесе бір жыл оқыған соң қазақстандық шағын жоғарғы оқу орнына ауысып келді», — дейді ол.

Ақпартқа сәйкес, ҰБТ сертификатының талап етілуін айналып өту үшін талапкерлер құжаттарын шетелдік жоғарғы оқу орны жіберіп, бір семестр немесе бір жылдан кейін виртуалды түрде қазақстандық университеттке ауысып алатын тенденция да бар. 20-23 мыңға дейін студент оқитын және олардың көпшілігі, әдетте, сабаққа да бармайтын кейбір өңірлік жеке меншік жоғарғы оқу орнында да бар.

«Сондықтан министрлік осындай жағдайлар мен жауапкершілігі төмен жоғарғы оқу орны қатысты қатаң саясат жүргізуде. Әлбетте, бұл шаралар барлығына бірдей ұнамай бермейтіні анық. Дегенмен Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, министрлік жоғары білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету саясатын одан әрі жалғастырады», — деп түйіндеді білім және ғылым министрі.



sputniknews.kz