елімізде ауа райы күрт бұзылады

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүгін Қазгидромет мамандары Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Синоптиктер жариялаған ескертулердің бірі – Қызылорда облысында өзен суы деңгейінің көтерілуі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария  өзені – Қазалы қаласы (Қызылорда облысы) су деңгейі 630 см дейін көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», — делінген ақпаратта.

Мәліметте шекті деңгей 743 см деп көрсетілген. Яғни, бұл көрсеткішке жеткенде елді мекенді су басу қаупі пайда болады.  

«Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», — деп жазылған хабарламада.

10 қаңтарда Қызылорда облысында тағы бір дабылды ескерту жарияланды.

«Өңірдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кейбір аумақта 15-20 м/с жетеді», — делінген ақпаратта.

Бұған қоса, ертең Түркістан облысында ауа райы бұзылады.

«Кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кейбір аумақта оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласын түнде және таңертең тұман басады», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Қазгидромет синоптиктері 10 қаңтарда  Қостанай облысында дабылды ескерту жариялады. Олар аймақтың кей жерлерінде тұман сақталады дейді.



sputniknews.kz