елімізде ауа райы күрт бұзылады
Қысқа сілтеме алу
Бүгін Қазгидромет мамандары Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Синоптиктер жариялаған ескертулердің бірі – Қызылорда облысында өзен суы деңгейінің көтерілуі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Мұздық құбылыстарға байланысты Сырдария өзені – Қазалы қаласы (Қызылорда облысы) су деңгейі 630 см дейін көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», — делінген ақпаратта.
Мәліметте шекті деңгей 743 см деп көрсетілген. Яғни, бұл көрсеткішке жеткенде елді мекенді су басу қаупі пайда болады.
«Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», — деп жазылған хабарламада.
10 қаңтарда Қызылорда облысында тағы бір дабылды ескерту жарияланды.
«Өңірдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кейбір аумақта 15-20 м/с жетеді», — делінген ақпаратта.
Бұған қоса, ертең Түркістан облысында ауа райы бұзылады.
«Кей жерлерде тұман түседі. Күндіз кейбір аумақта оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласын түнде және таңертең тұман басады», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Қазгидромет синоптиктері 10 қаңтарда Қостанай облысында дабылды ескерту жариялады. Олар аймақтың кей жерлерінде тұман сақталады дейді.
sputniknews.kz