Елімізде әскерге шақыртудың жаңа ережелері айтылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев отан алдында борышын өтеуге шақырту үрдісінде енгізілген жаңа ережелер жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әскер
Департамент басшысы осы жылы болашақ сарбаздардың ант қабылдау рәсіміне олардың ата-аналары мен басқа да жақындары шақырылмайды. Десек те олар ұлдарының салтанатты шараға қатысуын видеодан көре алады. 

«Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, қауіп әлі бар. Сондықтан әскерге шақырушылардың ата-аналары, туыстары мен достары ант қабылдау рәсміне қатыспайды.Пандемия кезінде бұл мүмкін емес. Балаларыңыз салтанатты жиынды видеоға түсіріп сіздерге жібере алады», – деді ол.

Бұған қоса әскерге шақыртылғандар бөлімге жіберілмей тұрып 14 күндік карантинге жатады екен. 

«Қазір коронавиурс жұқтырғандарды жібермеу маңызды болып отыр. Сондықтан, әскерге шақырылғандар арасында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады», – деп қосты департамент басшысы.

Еске салайық, бұған дейін құқық қорғау органдарына қызметке кіру тәртібі өзгертілгені айтылған еді. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз