Елімізде алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0

Елімізде алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

18 қазан Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Атырау қаласында ертең түнде және таңертен тұман түседі.

18 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 18 қазанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

18 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін күрт төмендейді.

18 қазанда Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін төмендейді.