Елімізде алғаш рет облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерінің сайлауы өтуде
Қазақстанда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің алғашқы сайлауы басталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қарашада алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтуде.
Дауыс беру еліміздің 17 облысында өтеді. Сайлау учаскелерінде үш қала мен 42 ауданның басшылары таңдалады.
ОСК мәліметтері бойынша, сайлау науқаны кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылды, ал 164-і тіркелді. 69-ы саяси партиялармен, ал 95-і өзін-өзі ұсыну арқылы тіркелген.
Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров атап өткендей, әкімдерді сайлау саяси реформалардың маңызды бөлігі болып табылады.