Елімізде әлеуметтік желі арқылы жыныстық қатынасқа түсуді ұсынатын жасөспірімдер көбейген

0
Елімізде әлеуметтік желі арқылы жыныстық қатынасқа түсуді ұсынып, өзін жарнамалайтын жасөспірімдер көбейген. Олардың басым бөлігі 11-15 жаста. Суреттерін жүктеп әлек болған мектеп оқушылары қисынсыз әрекеттерін үйде отырып жүзеге асыруда. Осындай хабарландыруларды көрген бұзақылардың қандай әрекеттерге баратынын ойлау тіпті қорқынышты.

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бесіктен белі шықпағандардың сырттан серік іздеп, тез бұзылуына асығуға не себеп?

“Бүгінде ата-ананың көбі баласына жіті назар аудармайды. Тіпті, оның ішкі әлеміне үңілуге үлгермейді де”. Бұл психолог Айым Әбдірованың пікірі. Маманның айтуынша, қазір балалығымен ерте қоштасқан жасөспірімдер көбейіп барады. Тіпті, мектеп қабырғасынан келеңсіз әрекеттерге барып, ерте есейіп кеткендер жетерлік. Оған себеп, мынау:

«11-17 жастағы балалардың бұзылуы себебі қазір көп жағдайда ата-аналары, яғни отбасында көп жағдайда балаларға көңіл көп бөлінбей жатады. Ата-аналар жұмысбасты болып келеді. Таңертеңнен кешке дейін балаларының қасында бола алмау себептері, яғни олардың өздерін кез-келген жағдайда еркін ұстап, өздеріне қызықты ақпараттарды яғни интернеттен болсын, әлеуметтік желілерден болсын еркін ақтарып, соларды қарап не болмаса әртүрлі бейнематериалдарға, бейнероликтерге сүйеніп қайталау, қызығушылық соған әуестік болуы мүмкін» – дейді психолог айым Әбдірова.

Оған қоса, сырт көзден тығылып, жыныстық қатынасқа түсуге қызығушылық танытатын мектеп оқушылары артып келеді. Олар әлеуметтік желілерге өзге есімдермен тіркеліп, әліптің артын бағып жатпайды. Ал, балалықпен жасалған әрекеттің өзі болашағына балта шабатынын саралап жатпайды, дейді.

Мамандардың пікірінше, түрлі әлеуметтік желілердегі жеткіншектердің жөнсіз қылықтарының көбейіп кетуі әртүрлі сайттарға тыйым салынбауынан туындап отыр. Бұған тыйым салдық делік, алайда кез-келген жастың қолы жететін сайттар да толып тұр. Мәселен, қазір интернетті өзіміз ашып көз жеткізіп көрейік. Міне Елдана, ұлты қазақ. Астанадан 12-14 жастағы жігітті іздеймін деп қойыпты. Ал, берілген хабарландырулардың барлығы осы типтес. Негізі біз көріп отырған бір парақшаның өзі ғана осындай ақпараттарға толы.

Міне, бұл індет қазір қоғамда кең жайылған. Тіпті, кейбір мектеп жасындағылар желіге суреттерін жүктеп, ашық түрде жігіт, қыз іздегендерін жария етеді. Ең қызығы, мамандар елімізде порноиндустрияның 1 жылдық бюджеті 13 миллиард екенін алға тартады. Бұл ретте Қазақстан Голливудты артқа тастаған. Себебі, аталған елде порносалаға жыл сайын 8 миллирд теңге қаржы бөлінетін көрінеді. Шетелде бұндай сайттардың көрерменін арттыру маңызды. Себебі, сол арқылы ақша табу көзделген. Ал, біздің балаларды тәрбиелеп жатқан кім?

«Бүгінгі күні біздің балаларымызды кім тәрбиелеп отыр?Балаларымызды интернет тәрбиелеп отыр. Ал, интернетті ашсақ не бар? Балаға егер де біз рухани тәрбие бермесек олар міндетті түрде интернеттен неше түрлі заттар көреді», – дейді әлеуметтанушы Саят Баймұратов.

Балаларды бұзатын дүниелерді қоғамнан аластату жеткіліксіз. Әлеуметтанушылардың айтуынша, бүгінде отбасылық институттар жоқтың қасы. Ата-ананың да жауапкершілігі бір сатыға төмендеген, дейді. Осы себептен, бетімен кеткен бала үшін ата-ана жауапқа тартылады.

“16 жасқа толмаған, ол әрекетке әрине әке-шешесі болмаса жаңағы ата-аналық міндетін алған жаңағы опекунство дейді алған адамдар болмаса мемлекеттік ұйымдар балалар үйі, педагогтар жауапты болады. ҚР-ның қылмыстық кодексінің 140-бабында көрсетілген ата-аналық міндетін орындамау. 120 айлық көрсеткіштен 30 тәулікке дейін қамауға алынады”, – дейді заңгер Абзал Бекбосынов.

Ал, ғаламтордан жігіт іздеп жар салғандардың кәмелеттік жасқа толмағанын біле тұра, осалдығын пайдаланғандарға да жаза бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 122 -бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылады.

 

Источник: Stan.kz