Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0
116

Кей облыстарда көктайғақ болып, жел күшейеді.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында кей жерлерде қар жауады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, екпінді жел күшейеді, солтүстікте жолдарда көктайғақ күтіледі. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с кұшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлеінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, түнде Атырау, Ақмола, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жолдарында көктайғақ күтілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!