Елімізде 450 мыңға жуық адам жұмыссыз
Қазақстанда жұмыссыздар саны 444,7 мың адам
2018 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда жұмыссыздар саны 444,7 мың адамды құрады. Бұл — еліміздегі жалпы жұмыс күшінің 4,9 пайызы (биылғы жылдың қазанында — 4,8 пайыз болды) деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика агенттігі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қараша айында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 134,8 мың адамды құрады. Бұл — экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 1,5 пайызы.
Дереккөз: ҚазАқпарат