Елімізде 16 жасқа толмаған қыздар ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасата алмайтын болды

0

Қазақстандық оқушы қыздар ата-анасының рұқсатынсыз аборт жасата алмайтын болды. Бұл тақырып қоғамда дау тудырып, қызу талқыланғаннан кейін денсаулық сақтау министрлігі мұндай бастамадан бас тартты.

 

Ал Денсаулық кодексіне енгізу жоспарланған басқа да бастамалар өзгеріссіз қалды. Яғни жасөспірімдер 16 жастан бастап ауруханаға келіп, ата-анасының қатысуынсыз медициналық қызмет ала алады. Ауруханада көрсетілетін қызмет түрлеріне аборт жасату кірмейді.

Ресми дерек бойынша, өткен жылы Қазақстанда 3 мыңнан аса оқушы қыз жүкті болып, босанған. Тағы 1200-і аборт жасатыпты. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жүктілікті үзудің қолжетімділігіне жол ашуды міндет етпедік дейді. Мұндағы басты мақсат – оның алдын алу.

«Аяғы ауыр болып  қалған жас қыздар дәрігерге бармайды. Олар сөз тарайды деп қорқады. Біз заңға мынадай өзгеріс енгіземіз: қыздар 16 жасқа дейін  ешкімнің рұқсатынсыз гинекологқа барып, ем қабылдай алады. Қазір өз бетінше емделуге де тыйым салынған. Ал 18 жастан бастап ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасауға болады», – дейді денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Айжан Есмағамбетова.

Источник: Stan.kz