Елімізде 15 мамырдан бастап ішкі әуе рейстері ашылады – Қазақстан жаңалықтары

0
81

Дәурен Абаев бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы жолаушылар рейстерінің басты ережесін жариялады – егер азаматтардың коронавирустың жоқтығын растайтын куәлігі болмаса, бортқа міну мүмкін болмайды.

ұшақ

1 мамырда Алматы мен Нұр-Сұлтан рейстері ашылады – бірінші кезеңде күн сайын 4 рейс болады. Екі рейс – «Эйр Астана», біреуі – «Скат» және біреуі – «Арыстан» ұшағында. Егер эпидемия жойыла бастаса, рейстер көп болады.

Абаев авиакомпаниялар билеттің бағасын көтермейтінін айтты – рейстер бағасы бірдей болуы керек. Жолаушыларға қатысты белгілі бір эпидемиологиялық ережелер болады – нақты тізімді елдің бас дәрігері бекіткен, олардың ең маңыздыларының бірі белгілі.

Жолаушыларда ұшар алдында, ұшқаннан кейін коронавирустық инфекцияның жоқтығы туралы  анықтама болуы керек. Сондай-ақ, ұшақта адамдар маска мен қолғап кию керек. Әуежайға кіре берісте температураны тексеріп, қашықтықты сақтауды сұрайды – әуежай ғимараттары мұқият дезинфекцияланады.

«Самұрық-Қазына» АҚ көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қанат Алпысбаевтың айтуынша, төтенше жағдай шиеленісіп кетпесе, 15 мамырдан бастап әуе рейстері ашылып, ұшақтар әуеге көтеріледі. Індеттің кесірінен еліміздегі әуе компаниялар миллиардттап қарызға батқан. Мәелен, Эйр Астананың жылдық кірісі 100 млрд теңгеге қысқармақ. Себебі наурыз-сәуір айларына жоспарланған рейстердің 60 пайызы орындалған жоқ. Ал, Qazaq air екі айда жоспарлы табысының 44 пайызынан қағылды.

Қанат Айлпысбаетың айтуынша, 1 мамырдан бас

stan.kz