Еліміз бойынша ең жоғары жалақыны кімдер алатыны анықталды

0
66

Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалақы өскенін жариялады. Соған орай ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды.

Сонымен ең жоғарғы жалақы алатын мамандар:

Теңіз және жағалау жүк көлігі – 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында),

Еңбекпен қамту – 563 449 (109,4%-113,1%),

Су көлігі – 560 818 (101,4% – 97,2%),

Басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру – 505 020 (108,2%-95,2%),

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет – 499 228 (112,4%-116,2%),

Құбыр желісі бойынша тасымалдау – 472 658 (121,7% – 115,8%),

Әуе жолаушылар көлігі – 417 865 (96,8% – 114,8%),

Әуе көлігі – 414 931 (97,1% – 114,5%),

сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда – 378 930 (128,9%-160%),

Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету – 374 188 (86,9-136%).

Ал керісінше, қоғамдағы ең төмен жалақы алатын сала мамандары:

Жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату – 51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта),

Аквамәдениет – 58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында – 150%),

Мектептке дейінгі білім беру – 62 373 (92,1%-101,1%),

Бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету – 78 314 (97,6%-103,9%),

Бастауыш білім (бірінші сатысы) – 80 381 (85,7%-113,2%),

Бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету – 80 899 (99,7%-101,3%),

Тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету – 87 734 (105,2% -107,8%),

Білім беру – 97 482 (84,6%-107,9%),

Жоғары білім – 149 784 (90,6%-117,7%),

Ветеринарлық қызмет – 98 236 (108,8%-101,4%).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміз бойынша ең жоғары жалақы алатын өңірлер туралы жазған болатынбыз.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ