Домой Жаңалықтар Елге опасыздық жасаған «қарабеттердің» зындандағы жүздері — Елдің алдына шығарылсын! — Айгүл...

Елге опасыздық жасаған «қарабеттердің» зындандағы жүздері — Елдің алдына шығарылсын! — Айгүл Орынбек

0
2185
Блогер, заңгер Айгүл Орынбек елімізді дүр сілкінткен қаңтар оқиғасында жазықсыз адамдарды қанға бөктіргендердің түрмеде отырған бет-бейнелерін халық көруі керек дейді facebook парақшасында, деп хабарлайды kznews.kz порталы. 

 

«Қаңтар оқиғасынан кейін жеті ай уақыт өтті! Бейбіт жерімізді қанға бояғандардың темір торға тоғытылып, түрмеде отырған видео-суреттерін халық көруі керек!
Қолдарында «билік» болып, Мемлекетке опасыздық жасап, халықтың ортасына ойран салғандар — түрмеде де тыныш отырмауы керек!
Қаншама кінәсіз адамдар қыршын кетті, ұлтымыздың қауіпсіздігін қорғайды деген «Адамның» өзі төңкерісті ұйымдастырғаны, бұл — үлкен қатер, қасірет!
Елге ылаң салатын адамды арнайы ұшақпен алдырып, халифат құрғысы келгендердің арман-мақсаттарының күлі көкке ұшып, тас-талқан болғанын — бүкіл елге, әсіресе әлі де соларға сеніп отырған «қолдаушы-табынушы» тобырларына ашық көрсету керек!
Сәләфиттер билік басына келгенде, аңсаған халифаттарын құрғанда — еліміздің жағдайы қәзір қиын, мүшкіл болар еді…!
Айдың-күннің аманында Тәуелсіздігімізден айырылып қала жаздадық:«Надан халық — басқаруға жақсы» демекші, халықтың миын «уағыздарымен» улап, қыздарымызды «тұншықтыра» қарамен орап, Ауғанстанның күйін кешер ме едік?!
Оны тіпті ойлаудың, елестетудің өзі — қорқынышты!
Ал қазір халықтың арасында қара ниетті «лаңкестер» мен сатқындардың қамауда отырғанына сенбей, «бұл да бір — саяси ойын» деп іріткі салып отырғандар бар!
Сондықтан, Елге опасыздық жасаған «қарабеттердің» зындандағы жүздері — Елдің алдына шығарылсын!», деп жазды.

«Жазықсыз отырғандар да бар түрмеде», «Расында олардың түрмеде отырғанын көрсетпегені, олардың басқа бір аралдарда шалқып жатпағанына кім кепіл», «Өте дұрыс айтылған! Әйтпесе халықтан сенім кетіп барады», деп пікір қалдырды оқырмандар.