Елеусінов титулды жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық проспект Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) намибиялық Джулиус Индонгоға (23-3, 12 КО) қарсы жекпе-жегіне көңілі толатынын айтып, үлкен айқастарға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Boxingscene.com хабарлап отыр деп жазды Vesti.
«Жеңісіме өте қуаныштымын. Оған мықты екенімді, дивизиондағы мықты жігіттердің бірі екенімді және мен үшін оны жеңу оңай болатынын айтқанмын. Бұл оның мені қиындықсыз жеңемін дегеніне жауабым еді.
Міндет оны бірінші раундта джебпен түртпектеп көріп, сосын сол жақтан шабуылға қолайлы сәт күту еді. Мен үлкен іс бітірдім деп ойлаймын, енді үлкен жекпе-жектер қалаймын. Қадамдап ілгерлей беремін.
Бұл бірінші титулды кездесуім болды, енді рейтингтерде бармын, сондықтан алда не барын көреміз. Дайын боламын», — дейді Елеусінов.