Елеусінов келесі қарсыласымен көз арбасудан өтті




Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) пен оның никарагуалық қарсыласы Маркос Мохико (16-2-2, 12 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты.
Vesti.kz сайтының жазуына қарағанда жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундтық болады. Елеусіновтің бұған дейінгі төрт кездесуі де алты раундты болған.
Елеусінов — Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кеште басты оқиға алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсонның (19-0, 8 КО) жекпе-жегі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ