Елеусінов бесінші жеңісіне қол жеткізді

0
25 Қараша 2018, 09:58 303 0

Астана, BAQ.KZ. Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутқа түсірді.

Vesti.kz порталының жазуына қарағанда, жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек Монакодағы «Казино де Монте-Карлодағы» ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өтті.

Сегіз раундқа жоспарланған Елеусінов-Мохика жекпе-жегі үшінші раундта аяқталды. Екінші үшминуттықта қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Үшінші раундта Мохика тағы да канвасқа түсіп, 1:53-те рефери жекпе-жекті тоқтатты.

27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді. Ал 33 жастағы Мохика мансап жолында үшінші рет жеңіліп отыр, қоржынында 16 жеңіс бар (12 нокаут) және екі рет тең түскен.

Айта кетейік, осы кеште қазақстандық Сұлтан Зауырбек (2-0. 1 КО) никарагуалық Джонсон Теллесті (12-44-5, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа наурыз айының басында түбегейлі ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ