Елес іздеп кеткен полиция алғашқы қадамдар туралы хабарлады

0
3526

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті облыс әкімінің тапсырмасымен «елес» іздеуге аттанған тұғын.

Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте полицияға тұрғындарды үркітетін елес туралы қауесеттерді тексеруді тапсыратынын атап өтті.

«Қаратөбе ауданының аудандық полиция қызметкерлері Ханкөл ауылының жанында елес көрген деген адамдармен сұхбат жүргізеді. Қазір біз интернетке жарияланған видеоны зерттеп жатырмыз», – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Осы уақытта желіде полиция машиналары әйгілі «Елес аулаушылар»(«Охотники за привидениями») фильмінің әуенімен жүретін күлкілі видео жарияланды.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз