Елена Рыбакинаның Әбу-Дабидегі матчы сенсациямен аяқталды

0

10 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктеріндегі WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакинаның ширек финалдағы матчы өтті. Ол бразилиялық Беатрис Хаддад-Майяға қарсы ойнады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші сетте Рыбакина жеңді. Есеп — 6:3. Алайда одан кейінгі екі сетте Беатрист жеңіп кетіп, (6:3, 6:2) турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Рыбакинаның бұл жеңілісін сенсация деп атауға болады, өйткені жанкүйерлер мен сарапшылардың көпшілігі оның Australian Open-дегі сәтті өнерінен кейін әрі қарай да тек жақсы нәтиже көрсетеді деп күткен.

Ойын 2 сағат 6 минутқа созылды.

Бұған дейін 23 жастағы Рыбакина мен 26 жастағы Хаддад-Майя теннис кортында кездеспеген.