Елена Рыбакина мен Александр Бублик Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастады. Ол әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті.
Бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте басым түсті — 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілірек болды — 6:1.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен кездеседі.
Ал Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим Мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Бен Шелтонмен кездесті.
Бірінші партияда брейк жасап, Бублик 4:2 есебімен алға шықты. Сосын сол басымдылығын сақтап қалды — 6:4. Екінші сетте америкалық теннисші қос брейк жасады — 6:1. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасай білді. Матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:2.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Бублик 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды.
Енді Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі.