Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің 1/4 финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Е.Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті.
Матч 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Ол бұған дейін әлемнің бұрынғы 2-ракеткасы, қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 29-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаны жеңген еді.