Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

0

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында тоқтады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 – Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалында әлемнің екінші ракеткасы, белоруссиялық Алина Соболенкомен жолықты. Отандасымыз бірінші сетте 6:1 есебімен басым түскенімен, қалған екі сетте 5:7, 6:7 ұпайымен қарсыласына есе жіберіп қойды. Қос спортшы осы уақытқа дейін 8 рет кездесіп, 5 рет белоруссиялық спортшы жеңіске жетсе, 3 рет Рыбакинаның мерейі үстем болған еді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина соңғы жарысында Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленген болатын.