Елена Рыбакина Дубайда өткен турнирде жеңіске жетті

0
41

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өткен World Tennis League (WTL) көрме турнирінің жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рыбакина турнирде Hawks командасы құрамында өнер көрсетті. Сондай-ақ командада Александр Зверев (Германия), Доминик Тием (Австрия) және Анастасия Павлюченкова (Ресей) ойнаған.

Айта кетейік, «Уимблдона-2022» чемпионы бұл турнирде бірде-бір матчте жеңілмеген. Алдымен Елена әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенконы (Беларусь), одан кейін планетаның төртінші ракеткасы Каролин Гарсияны (Франция) ұтып, финалдық ойында WTA әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті (Польша) жеңген.