Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты

0

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Рыбакина жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Свентектен басым түсті. Рыбакина жартылай финалдық кездесуде 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылған. Бұл олардың үшінші бетпе-бет кездесуі болды. 2021 жылы Швентек Остравада (Чехия) өткен турнирде жеңіске жеткен еді — 7:6(5), 6:2. Бірақ биылғы қаңтарда өткен Австралия ашық чемпионатында Елена есесін қайтарды – 6:4, 6:4.Бұл олардың үшінші бетпе-бет кездесуі болды. 2021 жылы Швентек Остравада (Чехия) өткен турнирде жеңіске жеткен еді — 7:6(5), 6:2. Бірақ биылғы қаңтарда өткен Австралия ашық чемпионатында Елена есесін қайтарды – 6:4, 6:4.

фото: championat.com