«Elektrondyq qyzmet ortalyǵy» ашылды — Цифрлық Қазақстан|12 Желтоқсан 2018, 18:19

0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ЕХРО аумағында Қазақстандағы ең алғашқы «Elektrondyq qyzmet ortalyǵy» ашылды.

Озық технологиялармен жасақталған заманауи халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтар жасанды интеллект игілігін көріп, цифрлық сауаттылықтарын көтере алады.

«Бүгін көрген халыққа қызмет көрсетудің жаңа деңгейі көңілімнен шықты. Жаңа технологияның арқасында жылдам әрі тәулігіене 24 сағат қызмет ала алатын боласыздар. Бұл мемлекет пен халықты жақындата түсетіні анық. Қазіргі таңда мұндай орталық Алматы, Астана қалаларында бар. Болашақта барлық қалаларда ашылады деген үміттемін»,- дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев .

Әзірге биометриялық деректерді Астана қаласында жаңадан ашылған «Elektrondyq qyzmet ortalyǵynda»;

Мәңгілік ел даңғылы 30 мекен-жайындағы №1 бөлімде;

Сауран көшесі 7 мекен-жайындағы цифрлық ХҚО-да, сондай-ақ Алматы қаласының Бостандық аудандық ХҚО-да тапсыруға болады.

«Elektrondyq qyzmet ortalyǵy» алаңында мемлекеттік қызметтерді биометриялық деректер бойынша ұсыну жобасы іске қосылады.

Бұл жобаға сәйкес енді қызметтерді алу үшін төлқұжат пен электрондық цифрлық қолтаңба қажет емес, азаматтардың саусақ таңбасы мен бет-әлпетінің скан-бейнесі болса жеткілікті.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ