«Елдос Сметов Қазақстанда қалмауы керек». Спорт журналисі Олимпиада чемпионына қатысты пікір білдірді

0

Спорт журналисі Аслан Қаженов Назгүл Әмірбекке берген сұхбатында Елдос Сметовке қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, көпшілік Елдостан алтын күтпеген.

«Рейтингке қарағанда Елдостан гөрі Абибадан алтын күтті. Өкінішке орай Абибаның жолы болмады. Елдос тарихи нәтиже тіркеді. Бұған дейін екі олипиадада тәжірбиесі бар. Бірге жыладық, бірге қуандық. Қазір елде алып-қашпа әңгіме көп екен. Елдостың сақалына, анасына тиісіп жатыр. Спорт жанкүйерлеріне осы нәрседен биік болайықшы деп айтқым келеді. Егер біз Елдостың сақалымен алысатын болсақ, сол жерде тоқтап қаламыз. Дінге, жеке басына қатысты нәрселер өзіне ғана тиесілі болып қалуы керек. Ең бастысы бізге алтын әкеліп берді. Оған ешқандай әңгіме айта алмаймын. Тарихты жасап жатқан бір ғана Елдосымыз бар. Оның өзіне елге келгенде жұлмалап жатырмыз. Еркелігін көтерейік, Елдосты түсініп, қолдауымыз керек», — деді ол.